15 мау, 2021 сағат 07:25

Су добынан әлемдік әйелдер лигасы: Қазақстан суперфиналда жеңілді


14 маусым күні Афинада (Грекия) су добынан әлемдік әйелдер лигасы аясында суперфинал басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуін Испанияға қарсы өткізді. Нәтижесінде кездесу 11:20 есебімен қарсыластар еншісіне шешілді. 

Айта кетерлігі, қазақстандық спортшылар В тобына түскен. Бұл топта отандастарымыз Испания, Грекия және АҚШ құрамаларымен кездеседі.