17 мау, 2021 сағат 08:52

Су добынан Қазақстан құрамасы әлемдік лиганың ширек финалына шықты


Су добынан Қазақстанның әйелдер құрамасы әлемдік лиганың суперфиналында қатарынан үш ойында жеңіліс тапты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық ватерполшылар Греция командасынан 11:25 ұпаймен жеңіліп қалды. Бұған дейін олар АҚШ (2:20) пен Испания (11:20) командаларынан жеңілген. Әйтсе де, турнир регламенті бойынша, A және B топтарындағы командалар автоматты түрде ¼ финалға жолдама алады. 

Қазақстан құрамасының ширек финалға соңғы, төртінші орында шыққанына қарамастан, онда оған қатарынан үш рет жеңген А тобының көшбасшысы – Канадамен ойнау керек. Матч бүгін болмақ. Ширек финалдағы басқа жұптар мынадай: Ресей – Греция, Жапония – АҚШ, Венгрия – Испания.