03 қыр, 2020 сағат 15:30

Сыбайлас жемқорлық агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Сондай-ақ, Президенттің өкімімен Шыңғыс Қайыпұлы Қабдула Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.