03 ақп, 2026 сағат 12:44

Табиғи байлық шетелге миллиардтаған теңгеге заңсыз әкетілген

Фото: ашық дереккөз

Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы қадағалау қызметі барысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактілерін анықтады, деп хабарлайды Ult.kz.

Осы фактілер бойынша Қарағанды облысының арнайы прокурорлары сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалын жүргізді.

Аудан кәсіпорындардың бірі төрт жыл бойы темір рудасын лицензиясыз заңсыз өндіріп, оны шетелге шығарғаны анықталды.

Нәтижесінде мемлекетке 2 млрд теңгеден астам шығын келтірілген.

Үш күдікті қамауға алынып, 500 млн теңгеден астам мүлікке тыйым салынды.

Қылмыстық іс сотқа жіберілді.