21 мау, 2021 сағат 16:10

Таеквондодан Ливан турнирі: Қазақстандықтар 10 медаль жеңіп алды


Ливан астанасы Бейрутта таеквондодан «Beirut Open G2» халықаралық жарысы өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің ақпаратына сәйкес, таеквондодан Қазақстан құрамасы аталған жарыста екі алтын, төрт күміс және төрт қола медаль жеңіп алды. 

Ел құрамасы сапынан Самирхон Абубакиров (54 кг) пен Ақсәуле Ерқасымова (+73 кг) топ жарып, жарыс жеңімпазы атанды. 

Бауыржан Хасенов (+87 кг), Жансель Дениз (73 кг), Жасурбек Исраилов (58 кг) және Әділет Базарбаев (63 кг) қоржынды төрт күміспен толықтырды. 

Ал Самат Темірхан (54 кг), Әділет Базарбаев (63 кг), Нұрқанат Қожахмет (74 кг) пен Смайыл Дүйсебай (87 кг) қола жүлдегерлер қатарынан көрінді.