Фото: Ашық дереккөзден
Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Рысқұлов елдімекенінде күйеуі әйелін пышақтап өлтірген. Қылмыс кезінде 5 жасар қызы анасының қасында ұйықтап жатқан. Бұл туралы #НеМолчиKZ қоры жариялады, деп хабарлайды, Ult.kz.
Өзін қайтыс болған әйелдің әріптесімін деп таныстырған адам іске резоноас сұраған.
"Мен ол әйелдің әріптесімін, осы іске резоноас сұраймын. Еркектердің қолынан тағы қанша әйел қаза табуы керек?! Ол әлгі құбыжықтан аяғы ауыр болған", - делінген қорға келген хабарламада.
Хабарламаға қарағанда күдіктіні аудандық ішкі істер қызметіне қамауға алған.
"Жазира өте жақсы әріптес, құрбы, ана болған", - делінген тағы бір хабарламада.
