Фото: Polisia.kz
Полицияның мәліметінше, 23 жастағы Алматы қаласының тұрғыны жасырын call-орталық ұйымдастырған, деп хабарлайды Ult.kz.
Алаяқтар әлеуметтік желілер мен Telegram арқылы азаматтарды алдап, дропперлерді пайдаланған. 57 адам зардап шегіп, келтірілген шығын 36 млн теңгені құрады.
Қылмыстық іс сотқа жолданды. Полиция тұрғындарды күмәнді қоңыраулар мен хабарламалардан сақ болуға шақырады.
