06 ақп, 2020 сағат 10:14

Тайвань вирусқа байланысты қытайлық туристердің келуіне тыйым салды

Тайваньның эпидемияға қарсы командалық орталығы коронавирустың өршуіне байланысты қытайлық туристердің құрлықтан аралға келуіне толықтай тыйым салды, деп хабарлайды Kyodo.

Орталық сондай-ақ жұма күннен бастап Гонконг немесе Макаода болған шетелдіктерге де Тайваньға кіруге тыйым салды. Бірақ Тайвань резиденті атанған шетелдіктер аралға бара алады.

Қытай, Гонконг немесе Макаода болған Тайвань азаматтары 14 күн бойы үйінде қалуы керек. 7 ақпаннан бастап Тайвань аумағындағы Гонконг пен Макао тұрғындары да 14 күн бойы үйінен шықпауы тиіс.

Бұдан бұрын Тайвань жаңа коронавирусты 11 адамның жұқтырғанын хабарлады.

Медициналық масканың тапшылығына байланысты командалық орталық бейсенбі күні оны сатуға шектеу белгіледі, яғни бір адамға жеті күнге тек екі бетперде сатылады.