Фото: Polisia.kz
Ішкі істер министрлігі "Таза Қазақстан" бағдарламасын іске асыру аясында шамамен 4 мыңға жуық стихиялық қоқыс орнын анықтап, 664 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркеді, деп хабарлайды Ult.kz.
Жергілікті атқарушы органдарға заң бұзушылықтарды жою жөнінде 2 834 ұсыныс енгізіліп, нәтижесінде 2 295 қоқыс орны жойылды.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды бұзғаны үшін 1 419 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция азаматтарды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын сақтауға, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырды.
