17 мам, 2022 сағат 13:35

"Темір таяқпен зорлаған". БҚО отбасында жантүршігерлік оқиға болды

Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысында ер адам әйелін темір таяқпен зорлаған. Әйел қазір ауруханада жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі жергілікті "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, оқиға 16 мамырда БҚО-дағы аудандардың бірінде болған. Ауыл тұрғыны мас күйінде әйелін сабап, кейін оны темір таяқпен зорлаған. Ауыр халдегі әйел аудандық ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оған ота жасаған. 

"39 жастағы әйел көп қан жоғалтқан. Тік ішегінің тамырлары мен бұлшықеттері жыртылған, қалпына келуіне ұзақ уақыт керек. Бүгінде оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ, ол жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды", - деді аудандық аурухана дәрігерлері.

Жәбірленуші күйеуінің үстінен арыз жазудан бас тартыпты.

Бұл деректі БҚО полиция департаменті растады. Ведомство хабарына қарағанда, ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") бойынша соталды тергеу басталды, барлық қажетті сараптама тағайындалған.