15 мау, 2021 сағат 16:33

Теннис: Денис Евсеев Алматы турнирінің екінші айналымына шықты


Алматы қаласында ерлер арасында екінші челленджер турнирі өтуде, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, бүгін қазақстандық Денис Евсеев жарыстың екінші айналымына шықты. 

Д.Евсеев бастапқы кездесуін ресейлік Евгений Тюрневпен өткізіп, 6:7 (10:12), 6:3, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Тартысты бәсеке 2 сағат 12 минутқа созылды. Денис бір рет эйс жасап, бес брейкке қол жеткізді. Қарсыласы 19 эйс, 3 брейк жасады. 

Бұл олардың өзара алғашқы кездесуі еді. 

Өткен аптада Алматыдағы бірінші челленджер жарысының финалына дейін жеткен тағы бір қазақстандық Тимофей Скатов бұл жолы босниялық Мирза Башичке 3:6, 1:6 есебімен есе жіберіп, алғашқы айналымнан аса алмай қалды.