08 ақп, 2020 сағат 18:55

Теннис: Қазақстан - Бельгия матчында Юлия Путинцева жеңіліп қалды

Кортрейк қаласында Қазақстан - Бельгия матчы бүгін қайта жалғасты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Дүниежүзілік рейтингте 34-орында тұрған Ю.Путинцева әлемнің 19-ракеткасы Элизе Мертенспен кортқа шықты.

Бірінші партияда бельгиялық теннисші айқын басымдылық көрсетті - 6:1.

Екінші сет әлдеқайда тартысты өрбіді.

Тай-брейкті Мертенс жеңіспен тәмамдады - 7:6 (7:1).

Тартысты бәсеке 1 сағат 45 минутқа созылды.

Осылайша Бельгия құрамасы 2:1 есебімен алға шықты. Енді Зарина Дияс пен Кирстен Флипкенс шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстанның бір ұпай беріп қойғанын, Путинцеваның таразы басын теңестіргенін жазған болатынбыз.