
Теннистен АҚШ ашық біріншілігінің ұйымдастырушылары Үлкен дулыға додасын басқа қалаға өткізуді қарастырып жатыр, - деп хабарлайды Olympic.kz.
US Open жарысы жыл сайын дәстүрлі түрде Нью-Йоркте өтеді. Қазіргі таңда елде коронавирус жайлаған тұста Нью-Йорк негізгі күрес ошағына айналып отыр.
Осыған байланысты Индиан-Уэллс жарыс қабылайтын қала ретінде қарастырылуда. Қаланың инфрақұрылымы Үлкен дулыға сынды ауқымы үлкен жарысты қабылдауға дайын.
Айта кетерлігі, US Open додасын 24 тамыз бен 13 қыркүйек арасында өткізу жоспарланған.
