Фото: New York Times
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев The New York Times басылымына берген сұхбатында Астана Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келіссөздер өткізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.
Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан жағдайды бейбіт жолмен реттеу мен шиеленісті төмендетудің конструктивті жолдарын іздеуде белсенді рөл атқаруға әзір. Ол халықаралық деңгейде диалог пен өзара әрекеттестіктің маңызын да атап өтті.
"Егер бұл қақтығысты шешуге және жағдайды бейбіт жолмен реттеуге көмектессе, біз келіссөздер алаңы болуға дайынбыз", – деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, Қазақстан әрқашан бейбіт реттеу қағидаттарын және халықаралық құқық нормалары мен ережелерін сақтауды қолдап келеді.
