31 жел, 2025 сағат 10:56

Тоқаев Бибісара Асаубаеваны әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтап, орденмен марапаттады

Фото: Instagram.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаеваны шахматтың блиц түрінен әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Ult.kz.

Президент құттықтауында Бибісара Асаубаеваның Қазақстаннан шыққан блицтен үш дүркін әлем чемпионы ретінде дүниежүзілік шахмат тарихына енгенін атап өтті. Сондай-ақ, оның халықаралық ареналардағы жетістіктері еліміздің көк туын биікке көтеріп, қазақстандық шахмат қауымдастығы үшін зор мақтаныш екенін жеткізді.

Осы орайда Мемлекет басшысы Бибісара Асаубаеваның халықаралық жарыстардағы айтулы табыстары мен ел шахматын дамытуға қосқан елеулі үлесін ескере отырып, оны ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.