01 қыр, 2020 сағат 11:18

Тоқаев бір-екі көшені жыл сайын қайта-қайта жөндей беретіндерді сынады

Жергілікті бюджеттерді бекіту барысында бақылауды күшейту қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Аса маңызды мәселенің бірі – аймақтарды бюджеттен қаржыландыру моделін әзірлеу. Бұл ретте орталық пен өңір арасындағы қарым-қатынастан бөлек, қаражаттың өңір ішінде бөлінуіне айрықша назар аудару керек. Жергілікті бюджеттерді бекіту барысында бақылауды күшейту қажет», - деді Мемлекет басшысы. 

Қ. Тоқаевтың айтуынша, бөлінген қаражат көп жағдайда тұрғындардың шынайы қажеттілігіне жұмсала бермейді. 

«Бір-екі көшені жыл сайын қайта-қайта жөндей беру, имидждік шараларға жұмсалатын тиімсіз шығындар азаматтарымыздың наразылығын тудыруда. Бұл –орынды», - деді Президент.