18 қыр, 2022 сағат 11:10

Тоқаев Головкинге телефон шалды

Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге телефон шалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой бокстан екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы шаршы алаңға шыққан Геннадий Головкинге телефон шалып, оған қолдау көрсетті.

Мемлекет басшысы Геннадий Қазақстанды әлемдік аренада танымал ету үшін зор үлес қосқанын атап өтті.

"Сен жанкүйерлер үшін әлемдегі және еліміздегі ең үздік ұлттық чемпион болдың және чемпион болып қала бересің. Біз сені мақтан тұтамыз!" - деді Президент.