23 қыр, 2022 сағат 08:40

Тоқаев Қазақстан құрамасының футболшыларын құттықтады


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев футболдан Қазақстан құрамасын құттықтады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Бүгін Беларусь командасын жеңген футболшыларымыз Ұлттар лигасындағы өз тобында жеке-дара көш бастады. Бұл – отандық футболдың зор жетістігі. Ұлттық құрамамызды құттықтаймын! Жеңістен жеңіске жете беріңіздер!", - деп жазды Тоқаев. 

Бұған дейін Қазақстан құрамасы Беларусьті жеңіп, УЕФА Ұлттар лигасының В дивизионына жолдама алғанын жазған едік.