Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ult.kz.
Жаңа орган мемлекет басшысының жанынан жұмыс істейді және Конституцияны жаңартуға қатысты ұсыныстар әзірлеумен айналысады.
Конституциялық комиссияның төрағасы болып Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Әзімова тағайындалды.
Төрағаның орынбасарлары:
- - Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин,
- - Премьер-министрдің орынбасары, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.
Комиссияның хатшысы – президент әкімшілігінің мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі меңгерушісі Айдар Жарылғанов.
