Фото: Olympic.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында жеңімпаз атанған қазақстандық биатлоншы Ербол Хамитовті құттықтады, деп хабарлайды Ult.kz.
Мемлекет басшысы спортшының табанды еңбек пен мықты ерік-жігердің арқасында қиын жолды еңсеріп, жоғары жетістікке қол жеткізгенін атап өтті.
Президенттің айтуынша, бұл жеңіс – шынайы құрметке лайық нәтиже әрі қазақстандық спортшылар үшін үлкен жетістік.
Айта кетейік, қазақстандық Ербол Хамитов Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды. Отандасымыз пара биатлон жарысында жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Хамитов 4,5 шақырымдық із кесу жарысында (отырып жарысу санаты) топ жарды.
Ол бұған дейін Ербол Хамитов пара шаңғы жарысында қола медаль иеленген еді.
Мемлекет басшысы спортшыға жарқын жеңістер, қажымас қайрат және зор денсаулық тіледі.
