12 қар, 2025 сағат 10:23

Тоқаев пен Путин Кремльде 2,5 сағаттан аса уақыт бейресми кездесу өткізді


Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Кремльде 2,5 сағаттан аса уақыт бейресми жағдайда әңгімелесті, деп хабарлайды Ult.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Кремльде 2,5 сағаттан аса уақыт бейресми жағдайда емен-жарқын әңгімелесті" делінген хабарламада.


Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қараша күні Ресей астанасына мемлекеттік сапармен барды.