09 ақп, 2026 сағат 11:54

Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді


Фото: politico.kz

10 ақпанда Үкімет үйінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды Ult.kz

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша жиында еліміздің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің, Премьер – министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің, бірқатар өңір әкімдерінің баяндамалары тыңдалады.