24 шіл, 2021 сағат 09:21

Токио-2020: Галбадрах Отгонцэцэг алғашқы айналымда жеңіліп қалды


Токио Олимпиадасында дзюдошылар бәсекесі басталды. Қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг алғашқы айналымда ұтылып қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол бірінші белдесуде қытайлық Ли Янаньмен күш сынасты.

Өкіінішке орай қытайлық балуан басым түсіп, Галбадрах Отгонцэцэг Токио Олимпиадасын аяқтады.