24 шіл, 2021 сағат 17:25

Токио-2020: Қазақстандық теннисшілер қарсыластарына есе жіберді


Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Александр Бублик пен Андрей Голубев жұптық сында алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жарыстың алғашқы сатысында оларға Франциядан келген Жереми Шарди мен Гаэль Монфис қарсылас атанды. Алғашқы сетте қазақстандықтар 7:6 есебімен жеңді. Ал екінші сетте дәл осы есеппен қарсыластар басым түсті. Ал кімнің жеңімпазы екендігі тай-брейк әдісі арқылы шешілді. 

Шешуші үшінші сетте франциялық теннисшілер ширақ қимыл көрсетті. Нәтижесінде олар 10:7 есебімен басым түсті. 

Енді Жереми Шарди мен Гаэль Монфис екінші айналымда Германиядан келген Яна-Леннарда Штруфф мен Александр Зверевпен шеберлік байқасады.