24 шіл, 2021 сағат 15:05

Токио-2020: Қазақстандық велоспортшылар үздіктер қатарына ене алмады


Бүгін Токио Олимпиадасында велоспорттан топтық жарыс жеңімпазы мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Велошабандоздар додасында Эквадор өкілі Ричард Карапас жеңіске жетіп, Олимпиада чемпионы атанды. Ол 234 шақырымды 6:05.26 уақыт көрсеткішінде жүріп өткен. 

Күміс жүлдені бельгиялық Ван Арт Ваут, қоланы словениялық Тадей Погачар иеленді. 

Қазақстандықтар сапынан ең жоғары нәтижесін Алексей Луценко тіркеді. Ол жеңімпаздан 6 минут 21 секундқа артта қалып, 21-ші орынды қанағат тұтты. 

Дмитрий Груздев пен Вадим Пронский жарыс жолынан шығып қалды.