25 шіл, 2021 сағат 14:28

Токио-2020: Кукушкиннің екінші айналымдағы қарсыласы анықталды


Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында теннистен қазақстандық Михаил Кукушкинге екінші айналымдағы қарсылас анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстандық теннисші беларусьтік Илья Ивашкомен жарыс жолына шығады. Ол бірінші айналымда француз Гаэля Монфистен үш сетте 6:4, 4:6, 7:5 есебімен басым түсті. Ал Кукушкин аргентиналық Федерико Корианы 7:6, 7:5 есебімен сүріндірді.