25 шіл, 2021 сағат 11:14

Токио-2020: Руслан Құрбанов семсерлесуден 1/16 айналымға өтті


Токиода Олимпиада ойындарының үшінші жарыс күні жалғасуда. Бүгін шпагамен семсерлесуден Қазақстан командасының мүшесі Руслан Құрбанов алғашқы айналымда жеңіске жетті деп жазады Olympic.kz

Құрбанов бірінші айналымда италиялық Марко Фихерамен кездесіп, қарсыласын 15-7 есебімен ұтты. 

Русланның келесі айналымдағы қарсыласы Масаду Ямада (Жапония) - Роман Петров (Қырғызстан) жұбының жеңімпазы болмақ.