24 шіл, 2021 сағат 19:15

Токио-2020: Милад Карими финалда 3 медальға таласады


Токио Олимпиадасында спорттық гимнастикадан іріктеу турнирі аяқталып, финалға өткен спортшылар есімі белгілі болды. Олардың қатарында қазақстандық Милад Карими де бар, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҰОК-ке сілтеме жасап.

Милад Карими үш жаттығу бойынша финалға жолдама алды. 

Ол гимнастикалық кермедегі жаттығу бойынша іріктеуде 14.766 ұпай жинап, екінші нәтиже көрсетті. 

Еркін жаттығуда 8-ші орын иеленіп, финалға жолдама алды. Сондай-ақ, көпсайыс бойынша 20-шы орынға тұрақтап, Токио Олимпиадасының финалдық кезеңіне өтті. 

Осылайша, қазақстандық гимнаст үш финалда бақ сынайды.