Фото: AP Photo / Evan Vucci
АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты тоқтатып, Үшінші дүниежүзілік соғыстың алдын алуға күш салуға ниетті. Бұл туралы ол өзінің инаугурациясы қарсаңында мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz, Sputnik.kzке сілтеме жасап.
"Мен Украинадағы соғысты аяқтаймын. Таяу Шығыстағы аласапыранды тоқтатып, үшінші дүниежүзілік соғыстың алдын аламын. Біз оған қаншалықты жақын тұрғанымызды елестете де алмайсыздар", - деді Трамп Вашингтонда жақтастарының алдында сөйлеген сөзінде.
Сондай-ақ ол басқа мемлекеттердің емес, елдің шекарасы мен оның мүддесін қорғауға күш салуға уәде берді.
"Көп жыл бойы басқа елдерді нығайтып, олардың шекаралары мен аумақтарын қорғадық. Біз енді өз елімізді құруға, шекарамызды және азаматтарымызды қорғауға кірісеміз", - деп түйіндеді саясаткер.
Еске сала кетейік, Трамп Джо Байденнің орнына президент болғанымда Украинадағы қақтығыс ешқашан басталмайтын еді деп айтқан еді. Сондай-ақ, ол қайта сайланса, Ресей мен Украина арасындағы жанжалды 24 сағатта шешуге ниетті екенін мәлімдеген.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Трамптың сөзіне түсініктеме бере отырып, бұл қақтығыс бір күнде шешіле салмайтын тым күрделі мәселе екенін айтқан.