16 қаң, 2026 сағат 15:59

Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрған ер адамға сот үкім шығарды

Фото: видеодан скриншот

Түркістан облысы Жетісай аудандық соты әкесіне балағат сөздер айтып, оны ұрып-соққан ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Ult.kz.

Сот отырысында айыпталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша кінәлі деп танылды. Атап айтқанда:

  • – 110-баптың 2-бөлігінің 1-тармағы – дәрменсіз күйдегі адамды азаптау;
    – 107-баптың 2-бөлігінің 3-тармағы – дәрменсіз жағдайда тұрған адамға орташа ауырлықтағы қасақана денсаулыққа зиян келтіру.

Сот шешіміне сәйкес, жеңіл жазаны ауыр жазаға алмастыру арқылы айыпталушы орташа қауіпсіздіктегі түзеу мекемесінде бес жылға бас бостандығынан айырылды.