14 жел, 2021 сағат 11:11

Түркістан облысында «Терезедегі Ту» акциясы өтті


Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Сарыағаш ауданында «Терезедегі Ту» акциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жастардың патриоттық сезімін арттыру, Мемлекеттік рәміздердің құндылығын дәріптеу мақсатында өткен іс-шара барысында аудандағы көп қабатты үйлердің терезелеріне Мемлекеттік Ту ілінді. 

Сондай-ақ, «Менің Туым – менің Қазақстаным» мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды. Онда зиялы қауым өкілдері мен ақсақалдар аудан тұрғындарын мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге шақырып, оны әрқашан биік ұстау міндет екеніндігін атап өтті.

Акция аясында әуелеген ән шырқалып, студент жастар дайындаған патриоттық флешмоб көрсетілді.