03 жел, 2020 сағат 05:45

Түркияда коменданттық сағат енгізіліп, Жапония тегін вакцинациялау бастамақ

Жапония өз азаматтарын COVID-19 қарсы екпені тегін жүргізбек. Ал Түркияда коменданттық сағат енгізілді. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" ВАК жұмысы туралы Телеграм каналға сілтеме жасап хабарлайды.

Жапония Парламенті өз азаматтарын тегін COVID-19 қарсы екпе егу туралы заңды қабылдады. бірақ бұған жауап ретінде жапондықтардан қарсы көрсетілімдердің ерекше жағдайларын қоспағанда, екпе алу толықтай міндеттелді. 

Түркияда COVID-19 туындаған өлім-жітімнің тәуліктік рекорды жаңартылды - өткен 24 сағат ішінде 190 адам қайтыс болды. Елде кешкі сағат 21:00-ден таңғы 5-ке дейін коменданттық сағат енгізілді.