16 нау, 2020 сағат 07:19

Түркияда коронавирус жұқтырғандар саны 18-ге жетті

Түркияда жаңа үлгідегі коронавирус (Covid-19) жұқтырудың тағы 12 жағдайы тіркелді, деп жазды Түркия Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Фаахреттин Коджа Твиттерде. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлады.

Осылайша, елде ауру жұқтырғандар саны 18 адамға жетті. 

«Жаңадан ауру жұқтырғандар саны 12 болды. Қазіргі уақытта науқастардың жалпы саны – 18 адам», - деді ведомство басшысы. 

Оның айтуынша, коронавирусқа тапсырған сынамасы оң нәтиже берген екі науқас Түркияда COVID-19 вирусын бірінші жұқтырғандармен байланыста болған. 

Коджаның айтуынша, ауру жұқтырғандардың жетеуі - Еуропа елдерінде, үшеуі – АҚШ-та болған.