17 нау, 2020 сағат 07:35

Түркияда коронавирус жұқтырғандар саны 47 адамға жетті

Түркияның Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы вирус жұқтырған 29 жаңа жағдай туралы мәлім етті, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Түркияда коронавирус жұқтырған жаңа 29 жағдай тіркелді. Елде вирус жұқтырғандардың жалпы саны 47 адамға жетті. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа Twitter-де жариялаған.

«Жаңа пациенттерді қоса есептегенде инфекция жұқтырғандар саны 47 адамға жетті», - деп жазды ведомство басшысы.