Фото: ашық дереккөз
Бас прокуратура мен Интерпол Ұлттық орталық бюросы ҚР Сыртқы істер министрлігінің жәрдемдесуімен Түркия Республикасынан бірнеше рет алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Қазақстан Республикасының азаматшасын елге қайтарды, деп хабарлайды Ult.kz.
Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті 2024 жылы Қызылорда қаласында жәбірленушілерге зергерлік бұйымдарды төмен бағамен сатып әперемін деп уәде беріп, алдау арқылы олардың ақшасын иемденген.
Аталған қылмыстық әрекеттердің салдарынан 8 адам жапа шегіп, келтірілген материалдық шығын көлемі шамамен 130 млн теңгені құраған.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті Қазақстан аумағынан шығып кетіп, халықаралық іздеуге жарияланған. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ол Түркия Республикасының аумағында ұсталды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оған тағылған айыптар бойынша мүлкін тәркілеу арқылы 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделіп отыр.
