
UFC 249 турнирі 18 сәуірде өтпейтін болды. Бұл туралы UFC басшысы Дана Уайт мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
Біз басынан бастап турнирді ұйымдастыруға күш салдық. Бүгін бізге ESPN басшылығынан қоңырау келіп түсті, бізден келесі сенбіде турнирді өткізбеуді өтінді, - деді Уайт ESPN-ге берген сұхбатында.
Ол UFC-мен келісімшарты бар файтерлерді қаржылық мәселеге алаңдамауға шақырды, ол жоспардағы кездесулердің бәрі өтетініне уәде берді.
6 сәуірде Дана Уайт UFC 249 турнирінің өтетінін мәлімдеген еді, бірақ оған Хабиб Нурмагомедов қатыспайтынын айтқан болатын.
UFC 249 турнирі 18 сәуірде Бруклинде өтуі керек болатын, артынша Нью-Йоркке ауыстырылған.
