06 мам, 2022 сағат 14:39

UFC алаңындағы тұңғыш қазақстандық қыздың келесі қарсыласы белгілі болды


UFC-де өнер көрсететін қазақстандық спортшы қыз Мария Агапова америкалық промоушндегі келесі қарсыласының кім екенін білді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz ресурсына сілтеме жасап.

Павлодар тумасы келесі жекпе-жегін 30 шілдеде Оңтүстік Корея өкілі Ен Джин Кимге (9-5-2) қарсы өткізеді. 

32 жастағы кореялық UFC-де 2017 жылдан бері өнер көрсетеді. Ол сегіз айқас өткізіп, оның ішінде үшеуінде жеңіске жеткен. 

Айта кетейік, Мария Агапова америкалық лигада төрт рет айқас өткізіп, екеуінде жеңіске жетті және екеуінде жеңіліс тапты. 

Агапова соңғы жекпе-жегінде украиналық Марина Морозға екінші раундта есе жіберген болатын.