02 ақп, 2020 сағат 14:15

Ухань қаласында жүрген 83 қазақстандық елге жеткізілді

2020 жылдың 2 ақпанында Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР ДСМ Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығы елімізге ҚХР Ухань қаласында жүрген 83 қазақстандықты, оның ішінде 80 студентті жеткізді.

Ұшу барысында біздің азаматтарымызды барлық қорғау құралдарымен қамтамасыз етілген Қазақстандық дәрігерлер еріп жүрді.

Денсаулық жағдайы тексерілгеннен кейін, елге оралған азаматтар қаладан 7 шақырым жерде орналасқан елорданың көп салалы ауруханасының жанындағы инфекцияға қарсы арнайы бөлінген корпуста 14 күндік карантинге жатқызылды.

Клиника инфекциялық қауіпсіздіктің қажетті технологияларымен, заманауи диагностикалық, емдік және реанимациялық құралдармен жабдықталған және тиісті медициналық қызметкерлерімен қамтамасыз етілген.

Медициналық мекемеде эвакуацияланған азаматтар қосымша тексеруден және бірінші кезекте коронавирустық инфекцияға тестілеуден өтеді.

Карантин кезеңі кезінде елге келген адамдармен тек аса қауіпті инфекциялармен жұмыс істеу тәжірибесі бар медициналық персонал ғана байланыста болады.

Елге жеткізілген азаматтардың туған-туыстары мен жақындары хабардар етілді және олар карантиндік кезеңнің регламентімен таныстырылды.

Эпидемияға қарсы іс-шаралардың күшеюі басталғаннан бері мониторингпен 19 мыңға жуық адам қамтылды, оның 9,6 мыңы қауіп төндірмейтін ретінде мониторингтен алынды.

Клиникалардан 39 адам шығарылғаннан кейін Жіті Респираторлық Вирустық Инфекция белгілермен 41 емдеуден өтуде.

84 науқас коронавирусты анықтау үшін анализ тапсырды, оның 74-і теріс нәтиже, ал 11-і жұмыста.

Барлық қажетті ақпаратты алу үшін Call – центрден 1406  номері бойынша сұрап білуге болады.