
20 наурыз сағат 23.00-дегі жағдай бойынша, Украинада COVID-19 вирусын жұқтырудың 41 жағдайы тіркелді. Бұл туралы Украинаның Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды УКРИНФОРМ агенттігі.
Жаңа оқиғалар Киев және Тернополь облыстарында анықталған.
Қазіргі уақытта Украинада коронавирустың жаңа түрінен үш адам көз жұмды.
Бұл елде COVID-19 жұқтырған ең алғашқы науқас жазылып шықты.
