13 нау, 2020 сағат 19:47

Украинада бірінші рет коронавирустан адам өлімі тіркелді

Украинада коронавирустан бірінші адам көз жұмды, деп хабарлайды Укринформ агенттігі.

Украинадағы Житомир облысының тұрғыны, 71 жастағы әйел қайтыс болған. Ол 12 наурыз күні аталмыш диагнозбен ауруханаға жатқызылған болатын. Қазіргі уақытта кейуанамен күнделікті қарым-қатынаста болған туыс-туғандары, жақындары дәрігерлердің бақылауына алынған. 

Бұл жайында Украина денсаулық сақтау министрлігі Telegram парақшасында мәлім еткен.