14 мам, 2020 сағат 16:18

Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамы бекітілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 мамырдағы №290 Қаулысымен «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» және «Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамын бекіту туралы» қаулыларға өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР Үкіметінің «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 және «Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамын бекіту туралы» 2011 жылғы 12 шілдедегі № 785 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізілді. Аталмыш құжат алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.