19 қаң, 2026 сағат 10:30

Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтар күні Қызылордада өтеді

Фото: Ақорда

Сыр бойындағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады, деп хабарлайды Ult.kz.

Бұл туралы Президент көмекшісі - Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай телеграм каналында жазды. 

Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары:

  • - 2022 жылы – Ұлытауда;
  • - 2023 жылы – Түркістанда;
  • - 2024 жылы – Атырауда;
  • - 2025 жылы – Бурабайда өтті.