
Үндістанның Премьер-Министрі Нарендра Моди Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық пен тезірек сауығып кетуін тіледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық пен тезірек сауығып кетуін тілеймін. Біз досымыз және стратегиялық серіктесіміз – Қазақстанды коронавирус пандемиясына қарсы күресте қолдаймыз», - деп жазды Үндістанның Премьер-Министрі Twitter-де.
Еске салайық, 18 маусымда Елбасының коронавирусқа жасаған ПЦР-тесті оң нәтиже бергені белгілі болды. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы медицина қызметінің бақылауында екенін хабарлады. Елбасы заманауи коммуникация каналдарын қолдана отырып, қашықтан жұмыс істеп жатыр.
