20 шіл, 2020 сағат 17:00

Ұшақта электронды шылым шеккен әйел мен ер адам рейстерден түсірілді

«Нұр-Сұлтан–Ақтау» және «Алматы-Ақтау» бағытындағы әуе рейсінде темекі шеккені үшін ер мен әйел адам рейстен түсірілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Осы жылдың 19 шілдесінде Ақтау қаласының әуежайындағы желілік полиция бөліміне «AirAstana» АҚ әуе компаниясының өкілінен «Нұр-Сұлтан – Ақтау» бағытындағы әуе рейсінде құқықбұзушының барын мәлім етті», - деп хабарлайды көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Қалижан Қабдолдин. 

Оның айтуынша тексеру барысында Қарағанды қаласының 34 жастағы тұрғыны әуе кемесінің ішінде электронды темекі шеккені белгілі болған. Әуе кемесінің командирінің актісі бойынша ол аталған рейстен түсірілген.

«Аталған факт бойынаш ҚР ӘҚБК 441-бабы 1-2 бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, оған 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды», - дейді полиция полковнигі.

Қалижан Қабдолдиннің сөзінше дәл сол күні осындай жағдай «Алматы – Ақтау» бағытындағы әуе кемесінде де болған. Бұл жолы 1986 жылы туған әйел де әуе кемесінің ішінде электроны сигарет шеккен. Акт бойынша әйел әе рейсінен түсірілген. Оған да 50 АЕК көлемінде айыппұл салынған.

Көліктегі полиция департаменті жыл басынан бері әртүрлі құқықбұзушылық бойынша 22 494 адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырған. Оның ішінде 1 706 адам темекі шеккені үшін жазаланған.