11 қаң, 2023 сағат 15:38

Үй алмақ болған өскемендік алаяққа 7 млн теңгесін беріп қойды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Өскемен қаласында үй алмақ болған ер адам алаяққа 7 млн теңгесін беріп қойған, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицияға 34 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Оның айтуынша, бейтаныс әйел пәтерді тез әрі арзан бағада сатып алуға көмектесуге уәде берген. Өз қызметі үшін жәбірленушіден 7 млн теңге алған.

Алайда арада біршама уақыт өткенде әйел мүлде хабар-ошарсыз кеткен. Сол кезде ер адам алаяққа алданып қалғанын түсінген.

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері 57 жастағы күдіктіні анықтады. Ол өз кінәсін толықтай мойындаған.

«Бүгінгі күні әйелдің ұқсас қылмыстар жасағаны үшін түзету мекемесінде екендігі анықталды. Оның тағы екі алаяқтық фактісіне қатысы бар болып шықты. Ол туралы тұрғын үй сатып аламын деп ақшасынан айырылған өскемендіктер хабарлады. Барлық факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - делінген ақпаратта.