16 мау, 2020 сағат 14:48

Вакцинация балаңызды ғана емес, бүкіл қоғамды қорғаушы - Надежда Петухова

Вакцинация балаңызды ғана емес, бүкіл қоғамды қорғаушы. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы қоғамдық кеңестің, Еуразиялық медициналық қауымдастықтың төрайымы Надежда Петухова осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі вакциналардың сапасы төмен емес. Себебі олар тыңғылықты зерттеуден өткізіледі. Кейбір аналар дәрігерлердің пациентке, вакцинацияға түрлі көзқараспен қарайтындығын айып отырған шығар. Екпеге қарсы шығып жүрген дәрігерлердің де тобы пайда болыпты. Олар аутизм жайында, екпеден кейінгі асқынулар туралы пікір білдірді. Вакцинация сіздің балаңыздың ғана емес, сонымен бірге бүкіл қоғамның қорғаушысы екендігін айтқым келеді. Қазіргі уақытта коронавирус індетіне байланысты жағдайды көріп отырмыз. Егер біз қазіргі уақытта вакцинация маңызын жете түсіне алмасақ, онда вакцинация салынбаған, белгілі бір аурулардан қорғалмаған балалар көп болған сайын ұмытып кеткен инфекциялардың қайта шығу қаупі туындайды», - деді ол Қазақстандағы міндетті екпе мәселесін талқылауға арналған онлайн конференция барысында.

Оның атап өтуінше, 2002 жылы Қазақстан полиомелиттен азат аймақ сертификатын алған.

«Осындай маңызды нәтижеге қол жеткізіп отырмыз. Себебі полиомелит - бұл бүкіл өмір бойы мүгедек болып қалуға жетелейтін ауру. 2002 жылдан бері бізде осынау күрделі ауру тіркелген жоқ. Вакцинация-кавиальды инфекциялармен байланысты көптеген ауру түрін жойдық», - деді Надежда Петухова.