21 қар, 2022 сағат 11:25

Төребаев пен Шерниязовты қамауда ұстау мерзімі бір айға ұзарды


Танымал қазақстандық вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамаудағы мерзімі тағы бір айға ұзартылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 2022 жылғы 18 қарашадағы сот шешімімен күдіктіні қамауда ұстау мерзімін қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде бір айға, яғни 18 желтоқсанға дейін санкциялау туралы тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. Шешім заңды күшіне енген жоқ", - делінген соттың баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ, сот бір күннен кейін Шерниязовқа қатысты қаулы шығарған. Оны қамауда ұстау мерзімі де бір айға ұзартылды.

"Сот шешімі бойынша, күдіктіні қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін бір айға, яғни 19 желтоқсанға дейін санкциялау туралы тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды", - деп толықтырды сот өкілдері.

Еске салайық, осы жылдың ақпан айында вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген болатын. 20 сәуірде олар 10 тәулікке қамауға алынған. Ал оның мерзімі тергеу жұмыстарына байланысты әр ай сайын ұзартылып келеді.