Фото: Алматы әкімдігі
2026 жылы 18 ақпанда Алматы қаласы музейлер бірлестігінің ұйымдастыруымен Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде Қазақстан Республикасының Халық әртісі, әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің жеке коллекциясынан құралған «Димаш: бір дауыс – мың ел» атты көрменің ашылуы өтті, деп хабарлайды Ult.kz.
Салтанатты ашылу рәсіміне өнер иесі арнайы қатысып, көрменің тұсауын өзі кесті.
Экспозицияға Димаштың жеке қорынан 70 музыкалық аспап қойылған. Олардың қатарында әлемнің түкпір-түкпірінен жанкүйерлері тарту еткен аспаптар бар. Сонымен қатар көрмеде сахналық костюмдері де ұсынылды. Әсіресе, әлемдік поп-мәдениет жұлдызы Майкл Джексоннің жеке стилисті Гоко Залди Димашқа арнайы әзірлеген сахналық киімі көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды.
Фото: Алматы әкімдігі
