11 мау, 2021 сағат 00:21

Зарина Дияс Ноттингем турнирінің ширек финалына шыға алмады


Қазақстандық Зарина Дияс Ноттингем WTA 250 турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Дүниежүзілік рейтингте 93-орында тұрған З.Дияс көгал төсенішінде өтіп жатқан жарыстың үшінші айналымында әлемнің 46-ыншы, осы доданың 4-ракеткасы, қытайлық Чжан Шуаймен күш сынасты. 

Бірінші партияны қытайлық теннисші брейкпен бітірді – 6:4.

Екінші сетте есеп 2:1 болған мезетте Ч.Шуай брейк жасап кетті. Ақыры ол матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2.

Бәсеке 1 сағат 11 минутқа созылды.

Қытайлық спортшы жартылай финалға шығу үшін әлемнің 61-ракеткасы, франциялық Кристина Младеновичпен таласады. Ол тартысты матчта рейтингте 110-сатыдағы америкалық Кэти Макналлиді 7:6 (8:6), 1:6, 6:1 есебімен тізе бүктірді.