12 сәу, 2023 сағат 16:45

Жəмила Бақбергенова - күрестен үш дүркін Азия чемпионы

Фото: gov.kz

Жəмила Бақбергенова үш дүркін Азия чемпионы атанды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап.

Бақбергенова (72 келі) жапониялық Сумире Никураны сенімді ұтып, Астанада өтіп жатқан күрестен Азия чемпионатында топ жарды. Осылайша ол сары құрлық бəсекесінде 3 мəрте жеңімпаз атанған тұңғыш қазақ балуаны атанып отыр.

Қазақстандық спортшы күндіз ширек финалда тайбэйлік Пинг Цен Хонгты, сосын жартылай финалда моңғолиялық Даваанасан Энкх Амарды таза ұтқан. 

Еске салайық, Жәмилә - былтыр Моңғолияда өткен құрлық бәсекесінің жеңімпазы. Қазір еншісінде Азия чемпионатының 5 медалі бар (3 алтын, 1 күміс, 1 қола - еск.).